Талғат Сәбиев СҚО бойынша экология департаментіне басшы болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментін енді Талғат Сәбиев басқарады. Ол бұған дейін Қостанайдағы ведомствоға жетекшілік етті.

а
Фото: СҚО экология департаменті

Талғат Сәбиев 1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 

2002 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Заңгер», 2016 жылы академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «экология» мамандығы бойынша тәмамдады. 

Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы «Чернышевский» ЖШС заңгер-кеңесші ретінде бастаған. 

Кейін Қостанай қалалық сот әкімшілігінде сот орындаушы, Қостанай қала әкімі аппаратының бас маманы, Көші-кон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы, Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы болып еңбек етті. 

а
Фото: СҚО экология департаменті

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалпы еңбек өтілі 12 жылдан астам. Қостанай облысы бойынша экология департаментінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары болып еңбек етті. 

Ал 2020 жылдан бастап соңғы тағайындауға дейін Қостанай облысы бойынша экология департаментін басқарды. 

Бұған дейін СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар