Талғат Тұрлыбаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 14 мамырдағы шешімімен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Талғат Тоқтарханұлы Тұрлыбаев тағайындалды.

Талғат Тоқтарханұлы Тұрлыбаев
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бұл туралы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ ресми сайтынан мәлім болды.

Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мектебі, Мәскеу қаласы 1990 жыл, біліктілігі – Шығыс елдері бойынша маман;

Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, Мәскеу қаласы 2015 жыл, біліктілігі - құқықтану магистрі.

Жұмыс тәжірибесі

1984-1985 слесарь-жөндеуші, Рубцовск машина жасау зауытының Семей филиалы Семей қаласы

1990-1996 Аға жедел уәкіл, ҚР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті-Ұдттық қауіпсіздік комитеті Семей қаласы

1996-2002 Директордың орынбасары, «Қазақстанның Халық Банкі» ААҚ-ң Семей филиалы Семей қаласы

2002-2005 ҚР ҚМ «Броньдалған танк жөндеу зауыты» РМК Бас директоры, «Семей инжиниринг» АҚ Семей қаласы

2005-2008 Атқарушы директор, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Астана қаласы

2008-2008 Коммерциялық ұйымда Бас директор Астана қаласы

2009-2011 Бас директор, ҚР ҚМ «Қазарнайыэкспорт» РМК Алматы-Астана қалалары

2011-2013 Бірінші хатшы (Істерді басқарушы), ҚР РФ Елшілігі Москва қаласы

2014-2017 Басқару төрағасының орынбасары «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Астана қаласы

03.2017-06.2017 Президент, «Әскери-стратегиялық зерттеу орталығы» АҚ Астана қаласы

06.2017-қазіргі уақытта «Семей инжиниринг» АҚ Бас директоры Семей қаласы

Соңғы жаңалықтар