12:06, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Тәліб қарулылары бейбітшілік келіссөзін өткізу ұсынысынан тағы да бас тартты
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Тәліб қарулылары жақында бейбітшілік келіссөзін өткізу ұсынысынан тағы бас тартты.
Бұл туралы ҚазАқпарат Щинхуа агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ауғанстан ақпарат құралдарының ақпанның 22-дегі хабарына қарағанда, тәліб қарулылары жақында Ауғанстан Президенті Хамид Карзай алға қойған бейбітшілік келіссөзін өткізу ұсынысынан тағы бір рет бас тартып, шетел әскери күштерінің Ауғанстаннан түгел кетуін талап ететіндігін айтқан.