Тамыз айында қазақстандықтар неше күн демалады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР мерекелер күнтізбесіне сәйкес, аптасына бес күн қызмет ететін азаматтар тамызда 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады.
Ал алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер 26 күн қызметте болады. Оларға 5 күн демалыс қарастырылған.
Осылайша, тамыз айында отандастарымыз тек апта соңында, яғни сенбі және жексенбі демалады. Мемлекеттік мерекенің болмауына байланысты қосымша демалыс берілмейді. Өйткені, Конституция күні 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылды.
Еске салайық, 1 шілдеде жаңа Ата заң күшіне енді. Оған сай, Конституция күні ресми түрде 15 наурызда атап өтіледі.