Тамыз айында бір қызметкердің орташа жалақысы 104 546 теңгені құрады - Статистика

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы тамыздағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 104 546 теңгені құрады.
None
None

Атаулы жалақы индексі 2011 жылғы тамызға 112,3 пайыз, ал нақты жалақы индексі 107,2 пайызға тең болды. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, салалық құрылымда ең үлкен жалақының кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 204,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 196,2 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 180,5 мың теңгеге (1,7 есе) белгіленген. Ал ең төменгі жалақы көрсеткіші ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді  және бұл  54,9 мың теңгені құраған. Аталған көрсеткіш ел бойынша орта көрсеткіштен 47,5 пайызға төмен.

Сонымен қатар, өңірлік бөліністерге келсек, ең жоғарғы жалақы Атырау облысында - 199,4 мың теңге шамасында белгіленді. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 71,0 мың теңгені құрап, республикалық  орташа деңгейден 32,1пайызға төмен көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар