Тамыз айында елімізде тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеуі байқалды

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылдың тамыз айында елімізде тұрғын үй нарығындағы бағаның төмендеуі байқалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне слтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, тамызда шілде айымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,3 пайызға, ал көркейтілген тұрғын үйді алып-сату - 1,1 пайызға, көркейтілмеген тұрғын үйді алып-сату - 0,7 пайызға төмендеген. Тұтастай алғанда, тамызда жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы - 137 мың 706 теңгені құраған. Екінші нарықтағы көркейтілген тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы - 101 мың 669 теңгеге, ал көркейтілмеген тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы  - 59 мың 525 теңгеге бағаланған. Атап өтерлігі, жыл басынан бері жаңа тұрғын үйлердің бағасы 6,6 пайызға, ал екінші нарықтағы үйлердің бағасы 5,9 пайызға арзандаған.

Соңғы жаңалықтар