Тамыз конференциясында педагогтар білім беру жүйесін дамыту стратегиясының міндеттерін талқылайды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының педагогтары бүгін дәстүрлі тамыз конференциясыға жиналады, деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.

Тамыз конференциясында   педагогтар   білім  беру  жүйесін   дамыту стратегиясының    міндеттерін   талқылайды - Павлодар облысы

Жиында өткен оқу жылындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылып, Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы мен Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған білім саласын дамыту міндеттері талқыланады.

Мұғалімдердің тамыз конференциясында сондай-ақ білім жүйесінің жұмыс стратегиясы мен әдісі және өзекті проблемалары анықталады, оқытудың жаңа технологиялар мен әдістемелері, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер қаралады.

Конференция жұмысына облыс басшысы Бақытжан Сағынтаев, қалалар мен аудандардың әкімдері, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысады деп күтілуде.