Тамызда Ақмола облысындағы 8 ауыл мен Ақкөл қаласының әкімін сайлау өтеді

Ақолмоладағы 8 аумақтық сайлау комиссияларының қаулыларына сәйкес, 13 тамызға келесі елді мекен әкімдерін сайлау тағайындалды:
- Көкшетау қаласы Красный яр ауылдық округінің әкімін сайлау;
- Ақкол ауданы Ақкөл қаласының әкімін сайлау;
- Аршалы ауданы Түрген ауылдық округінің әкімін сайлау;
- Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлау;
- Жақсы ауданы Калининский ауылдық округінің әкімін сайлау;
- Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімін сайлау;
- Сандықтау ауданы Барақпай, Веселое ауылдық огругтерінің әкімдерін сайлау;
- Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкімін сайлау.
«Сайлау тағайындау туралы, шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды өткізуге дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады», - делінген Ақмола облыстық әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада.