Тамыздың 20-ында ұялы байланыс операторлары желіаралық байланыстың мөлшерлемелерін төмендету бойынша ұсыныс жасайды

АСТАНА. Тамыздың 4-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Рустам Ақбердин тамыздың 20-ында ұялы байланыс операторлары желіаралық байланыстың мөлшерлемелерін төмендету бойынша ұсыныс жасайтынын айтты.

Тамыздың 20-ында ұялы байланыс операторлары желіаралық байланыстың мөлшерлемелерін төмендету бойынша ұсыныс жасайды

«Тамыздың 20-ында олар желіаралық байланыс мөлшерлемелерін өз еріктерімен төмендету бойынша ұсыныстарын енгізулері тиіс. Сол кезде біз олардың қаншалықты дайын екендіктерін байқаймыз (Кар-Тел» және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «GSM Қазақстан» ЖШС)», - деді ол. Осы орайда Р. Ақбердин агенттік байланыс операторларының бұл тарифті барынша түсіруін күтіп отырғанын жеткізді.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметіне қарағанда, желіаралық байланыстың құны минөтіне 19,98 теңгені құрап отыр.

«Қазақстанда абоненттерге арналған ұялы байланыс қызметіне тарифтер тым жоғары», - деп атап өтті Р. Ақбердин. Осы орайда ол тарифтердің қымбат болуының бір себебі ретінде ұялы байланыс саласындағы бөлек операторлардың желіаралық байланыс үшін мөлшерлемелері жоғары болып отырғанын атап өтті.

Р. Ақбердиннің айтуынша, егер байланыс операторлары тиісті шешімге келмесе, онда монополияға қарсы ведомство бұл мөлшерлемелерге мемлекеттік реттеу енгізуге ниетті.