Танымал боксшы Мэнни Пакьяо спорттық мансабын көктемде аяқтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал филиппиндық кәсіби боксшы Мэнни Пакьяо Америка боксшысы кіші Флойд Мейвезермен реванш матчы үшін мансабын аяқтауды кейінге қалдыруға дайын екені туралы ақпаратты растаған жоқ. Спортшы өз мансабын 2016 жылдың көктемінде аяқтайтынын мәлімдеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында баспасөзде филиппиндық спортшының цитатасы шығып, онда оның Мейвейзермен жекпе-жек үшін өз мансабын 2016 жылдың көктемінде аяқтау шешімімен бас тартуға дайын екені айтылады.

«Мен ондай ештеңе айтқан емеспін. Менен ол туралы ешкім сұраған да жоқ. Мен 9 сәуірде Тимоти Брэдлимен өтетін жекпе-жектен кейін мансабымды аяқтаймын», - деп жазады ТАСС 37 жастағы боксшының сөздерін.

Кәсіби рингте Пакьяоның есебінде 57 жеңіс (38-і нокаутпен), 6 жеңіліс және 2 тең ойын бар. Пакьяо уақыт бойынша соңғы жекпе-жегінде кіші Мейвезерден жеңілген еді. Көптеген сарапшылар «ғасыр жекпе-жегі» атап кеткен 12-раундтық жұдырықтасу 3 мамыр күні Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұпай саны бойынша американдықтың жеңісімен аяқталды. Айқас аяқталған соң, филиппиндық спортшы рингқа жарақаттанған иықпен шыққанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар