Танымал экономист және саясаткер Егор Гайдар дүние салды
АСТАНА. Желтоқсаның 16-сы. ҚазАқпарат - Кезінде Ресей Федерациясының Премьері міндетін атқарған және Ресейдегі нарықтық реформалардың идеологтарының бірі саналатын танымал экономист және саясаткер Егор Гайдар дүние салды,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Егор Тимурович қайтыс болды, жағдайдың мән-жайы туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», - деп мәлім етті сәрсенбі күні Гайдардың көмекшісі Геннадий Волков.