Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Танымал промоутер Елеусінов жайлы: Ол супержұлдызға айналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) промоутері  Эдди Хирн өз клиентінің болашағының жарқын екендігіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Танымал промоутер Елеусінов жайлы: Ол супержұлдызға айналады

«Ол супержұлдыз болады. Ол миллиондаған долларға қол жеткізеді және адам сенгісіз талант иесі. Данияр жұлдызға айналады, ол Ұлыбритания нарығына шығады, қазірдің өзінде АҚШ-қа шықты, Қазақстанда кеңінен танымал. Біз географияны кеңейтуді жалғастыра береміз», - деді Хирн.

Елеусінов кәсіби бокстағы өзінің екінші айқасын  Лондонда (Ұлыбритания) өткізді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен венгрияық боксшы Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді.

Қазақстандықтың үшінші жекпе-жегі 28 шілдеде Лондонда өтеді. Оның қарсыласының кім екендігі кейінірек жарияланады.