22:38, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
Танымал үнді актері түрмеге қайта оралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот Боллубудтың танымар актері Санджай Даттың босату мерзімін кепіл беру арқылы созудан бас тартты.
2007 жылғы жазда қару сақтағаны үшін алты жылға сотталған үнді киносының әртісі түрмеге қайта оралуға мәжбүр.
Датт Мумбаида 1993 жылы бірнеше шабуылды дайындап және іске асырған экстремистерден Калашников автоматын сатып алғаны үшін сотталған еді.
2013 жылы Үндістан Жоғарғы соты актердің жазасын бес жылға дейін қысқартқан, бірақ бір айдың ішінде Датт қалған жаза мерзімін өтеуі үшін түрмеге оралуға тиіс болатын.
Бұған дейін актерді кепілмен бірнеше рет босатқан-ды. Бірақ бұл қоғам тарапынан наразылық тудырды.