Тапсырыстардың ұлғаюы кәсіпкердің, аймақтық және жалпы алғанда, Қазақстанның экономикалық өсуіне ықпал етеді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Тапсырыстардың ұлғаюы кәсіпкердің, аймақтық және жалпы алғанда, Қазақстанның экономикалық өсуіне ықпал етеді, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді», - деді «Жаңатас» ЖШС металлургия комбинатының директоры Бейсен Көкебаев ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбатта.
«Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы 1997 жылы жарияланған «Қазақстан-2030» стратегиясының заңды жалғасы, онда елдің басты мақсаттары мен басымдықтары аталған. Көрсетілген міндеттерді іске асыру және ҚР Үкіметінің өз мерзімінде қабылдаған іс-шаралары әлемдік қаржы дағдарысы өршуінің алдын алды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында бизнесті дамытуға және және қолдауға арналған бірқатар іс-шаралардың ұсынылуы кәсіпкерлерді құлшындыра түсті», - деді Б.Көкебаев.