Таптаурынды үрдіс бойынша кейде істі қарау үдерісі орысша қолға алынады - Дархан Мыңбай

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Біздегі таптаурынды үрдіс бойынша кейде істі қарау үдерісі орысша қолға алынады. Бұл туралы бүгін Астанада «Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай мәлім етті.
None
None

«Алайда, біздегі таптаурынды үрдіс бойынша кейде істі қарау үдерісі орысша қолға алынып, толықтай сол тілде жүргізілетіні жасырын емес. Енді осы көріністі басқаша қайта жасап біртіндеп жүзеге асыратын мезгіл де жеткен секілді. Яғни, істі қарау мүмкіндігінше мемлекеттік тілде ғана жүргізіліп, ал қажет болған жағдайда орыс немес өзге тілде қолданылғаны дұрыс болар еді»,-деді ол.

Д. Мыңбайдың пайымдауынша, осындай ұстанымға бекінуге елімізде толықтай негіз бен шартты ресурстар бар. Мәселен, соңғы 2009 жылғы халық санағының деректеріне сүйенетін болсақ, Қазақстан азаматтарының 65 пайызы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, оқып, жаза алады екен.

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жалдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекіді. Бағдарлама талабы бойынша халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс»,-деді Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша жергілікті және атқару органдарында іс жүргізу мемлекеттік тілге көшіріліп отыр. 2006 жылы мемелекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағы 32,7 пайызды құраса, 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында нәтиже бойынша 85 пайыз межені көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар