Тараз қалалық сотына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Тараз қалалық сотына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты,

Тараз  қалалық  сотына   бомба  қойылғандығы  туралы  хабар   жалған болып шықты
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Ішкі істер департаментінің пультіне мамырдың 18-інде сағат 14.04-те №2 қалалық сот ғимаратында ішінде жарылғыш құрылғысы болуы ықтимал шабаданның жатқаны туралы қоңырау түседі. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай бомба табылған жоқ.