Тараз қаласында ІІМ алқасының кеңейтілген кезекті көшпелі отырысы өткізілді
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат. Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Тараз қаласында ІІМ Алқасының кеңейтілген кезекті көшпелі отырысы өткізілді, онда ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысы тақыланып, алдағы кезеңге тапсырмалар белгіленді. Алқа жұмысына ІІМ орталық аппаратының, өңірлік ІІД, ҚАЖК және Ішкі әскерлер қолбасшылығының басшы құрамы қатысты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Алқа ішкі істер органдары ағымдағы жылы құқық қорғау қызметін жетілдіру, қылмыстық қол сұғушылықтардан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша ұйымдастыру және практикалық шаралар кешенін жүзеге асырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес алдағы уақытта ішкі істер органдарының нәтижелерінің өлшемдері сандық көрсеткіштер емес, азаматтардың сенім деңгейімен айқындалатын жұмыс сапасы болады. Сондықтан, ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстар туралы барлық арыздар мен хабарламаларды толық және жан-жақты тіркеуіне қатаң бағыт жүргізілуде.
Ішкі істер министрі Қ. Қасымов есепке алу мен тіркеуден жасырған қылмыстың әрбір фактісі бойынша кінәлі қызметкерлерге тәртіптік сипатындағы шаралар, оның ішінде жұмыстан босату және қылмыстық жауапкершілікке тарту шарасын қолдануға дейін қызметтік тексеріс жүргізуді қатаң талап етті.
Ведомство басшылығы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тиісті тәртіп орнатуына, қылмыстық-атқару жүйесін демократизациялау курсын жалғастыруға, халықаралық стандарттарға сәйкес сотталғандардың ұстауын және құқықтарын сақтауын қамтамасыз етуге ерекше назар бөлді.
Отырыста Ішкі істер министрі негізгі күшті: құқық бұзушылықтардың алдын алуға, терроризм мен экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға, қоғамдық тәртіпті күзету мен көшедегі қылмысқа қарсы күресті арттыруына шоғырландыру туралы міндетін қойды.