Тараз қаласында Төле бидің 350 жылдығы қарсаңында ұлы биге арналған ескерткіш салынуда

Бес метрлік қола мүсін жақын уақытта Төле би атымен аталған орталық даңғылдардың бірінде бес метрлік гранит тақтатасқа тұрғызылмақ.
Облыстың бас сәулетшісі Ержан Ахметовтің сөзіне қарағанда, қалалық байқауда ескерткіш жобасына үш нұсқа таңдап алынып, кейін Астана қаласында бекітілген. «Астаналық комиссия байқауда үшінші орында иеленген нұсқаны таңдаған. Бұл жобаның авторлары белгілі суретшілер мен мүсіншілер Аманат Назарқұлов және Тимур Ермеков болып табылады. Олардың Төле би ескерткішінің жобасына авторлық құқықтары тіркелген. Мүсінді құюмен байқауда Астана және Қарағанды компанияларынан жеңіп шыққан Алматы компаниясы айналысады», - деп нақтылады Е. Ахметов.
Қазіргі сәтте Төле би ескерткіші сызбасының жұмыс жобасы сараптамадан өтіп, архитектуралық-жоспарлық тапсырма (АЖТ) дайындалды.
Төле би ескерткіші жобасына Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі және Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы тапсырыс берген.