Тараз қаласының тұрғыны өрттен алты жасар қызды аман алып қалғаны үшін ҚР ТЖМ медалімен марапатталды
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Тараз қаласының тұрғыны өрттен алты жасар қыз баланы аман алып қалған Санжар Боздақбев Төтенше жағдайлар министрлігінің
«Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.
Министрліктің мәліметі бойынша, 2011 жылдың 1 наурызы күні сағат 14.27-де Тараз қаласындағы шағынаудандардың бірінде өрт басталған. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы 3 бөлмелі пәтер жалынға оранған. Жанып жатқан пәтер ішінде алты жасар қыз қалған еді.
«Жұма күні «Достық» алаңында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров Санжар Боздақбаевқа ҚР ТЖМ-ның «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалін табыс етті», - делінген хабарламада.