11:33, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Тараз тұрғыны атыс ұйымдастырған қылмыскерді ұстауда көмектескені үшін марапатталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз тұрғыны полициямен атыс ұйымдастырған қылмыскерді ұстауда көмектескені үшін марапатталатын болды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.
Облыстық ІІД мәліметтері бойынша, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен А.Маркин қарулы қылмыскерді ұстауда ерлікпен және кәсіби атсалысқаны үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медаліне лайық деп танылды.
Еске сала кетейік, 19 маусым күні Тараздың «Талас» шағын ауданында белгісіз біреу полиция қызметкеріне оқ атып жаралаған еді. Ұстау кезінде күдікті де жаралы болған.
Полиция күдіктінің бұрын сотталған адам ретінде есепте тұрғанын анықтады.