Таразда 124 мың түп ағаш толығымен кесіліп, табиғатқа орасан зиян келді

АЛМАТЫ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Таразда 10 жыл бойы өсірілген 124 мың түп ағаш толығымен кесіліп, табиғатқа орны толмас үлкен зиян келді.
None
None

Оны бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген «Заң» ЖШС директоры Дүйсенбек Ыбынәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 1998 жылы Тараз қаласы әкімдігі «Заң» ЖШС-не шаруасы шатқаяқтаған Дендросаябақты басқаруға беріп, оның орнына ипподромы бар саябақ құруды ұсынады. Екіжақты келісім бойынша, бұл шара іске асырылып 107 гектар жайылымдық жер 50 жылға жалға беріледі. Алайда 2007 жылы қалалық әкімдік сол жердің 50 гектарын қаланың жер қорына беру жөнінде ұсыныс жасап, оның орнына серіктестікке қаланың өзге аймағынан осы көлемде жер аумағын беруге келіседі.

«Бізге 1998 жылы 53 гектар жерді алып жатқан көшет шаруашылығы да қайта жандандыру үшін берілген еді. Бірақ қала әкімінің 2008 жылы ақпанынның 29-ындағы №102 қаулысымен ол «мемлекеттік қажеттіліктер» үшін деп кері қайтарылды. Ал онда 10 жыл бойы қала үшін өсірілген 124 мың түп ағаш толығымен кесіліп, табиғатқа орны толмас үлкен шығын келтірілді. Біз осы және басқа да заң бұзушылықтар жөнінде сотқа шағымдандық. Қазір оның нәтижесін күтіп отырмыз», дейді «Заң» ЖШС-нің директоры Дүйсенбек Ыбынәлиев.

Соңғы жаңалықтар