Таразда 18 жастағы жігіттен қорғаныс құралдары табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полицейлер 18 жастағы жігіттен арнайы қорғаныс құралдарын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен қала аумағында қару-жарық пен оқ-дәрілерді іздестіру кезінде жалға алынған пәтерлердің бірінен ұрланған арнайы қорғаныс құралдары табылды.

«Пәтерді жалға алушы 18 жастағы жігіт аталған заттарды орталық алаңда болған тәртіпсіздік кезінде ұрлағандығын мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау жұмыстары мен оның жаппай бассыздықтарға қатыстылығы тексерілуде» делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар
telegram