Таразда ақын Күләш Ахметованың лирикалық жинағының тұсаукесері өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, кездесуге ардагерлер, жастар, қаланың шығармашылық интеллигенциясы мен жұртшылығының өкілдері келді.
Жамбыл облысының Талас ауданында қарапайым жұмысшы мен үй шаруасындағы әйелдің отбасында дүниеге келген ақын тек Қазақстанда емес, одан тыс жерлерге де танымал. Күләш Ахметованың туындылары көптеген тілдерге аударылды. Нәзік лиризм мен жарқын метафораға толы оның поэзиясында қазақ даласындағы Сөз бен Өлеңнің ұлы рөлі туралы ойлары қазақтың ертегі-аңыздарымен ұштасып отырады.
Өзінің жаңа лирикалық жинағында Отан табиғатына үлкен таңданысын білдірген автор Қазақстанның «жасыл киімін» сақтап, ұлғайтуға шақырады.
«Күләш Ахметованың есімі танымал қазақстандық және шетелдік ақындардың есімдерімен бір қатарда тұр, ал оның шығармашылығы поэзияны сүюшілердің махаббатына бөленген», - деді ақынды жаңа жинағын шығаруымен құттықтаған Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.
Кездесу барысында жамбылдық жас ақындардың орындауында оның шығармалары оқылды.