09:21, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Таразда «Әлемге танылған Абай» атты конференция өткізілді (ФОТО)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы кітапханада қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Әлемге танылған Абай» атты облыстық конференция өтті.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы - Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы.
Конференция аясында Абай Құнанбаев оқулықтары көрмесіне шолу жүргізіліп, облыстық жас ақындар арасында Абай Құнанбаевқа арналған өлеңдер байқауы жарияланды. Байқау барысында әділқазылар алқасы қатысушылардың өлеңдерімен танысып, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды - Жақсылық Арайлы иеленсе, ІІ орынды - Сейдуалиев Шынболат пен Пренов Сәндібек, ІІІ орынды - Абылай Ғалия мен Жұмабеков Нұрлан өзара бөлісті.
Байқауға қатысқан үміткерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.