16:20, 06 Шілде 2010 | GMT +5
Таразда Астана күніне арналып жаппай жеңіл атлетикалық жүгіру болып өтті
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз қаласында Астана күніне орай 3 800 метр қашықтыққа халықтық жеңіл атлетикалық жүгіру болып өтті,

деп хабарлайды спорт және туризм қалалық басқармасынан.
Тұңғыш Президент саябағынан басталып, «Достық» орталық саябағында аяқталған жүгіруге жүзден астам қатысушы қатысты, олардың қатарында облыс орталығының мекемелері мен спот мектептерінің тәрбиеленушілері, жаттықтырушылары мен директорлары да бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты - аймақтағы халықтық спорттың дамуына жамбылдықтардың назарын аудару.