Таразда баскетболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының ойындары өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Қазанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан әйелдер командалары арасында Таразда өтіп жатқан XVII Қазақстан чемпионатының алғашқы турында Астана мен Павлодар қалаларының спортшылары жеңіліссіз келе жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.
Оған Астананың «Жолбарыстар», Алматының «Алматы», Тараздың «Тараз», Көкшетаудың «Оқжетпес», Павлодардың «Ертіс» командалары қатысып жатыр. Жалауы қазанның 21-і күні көтерілген ел чемпионатының алғашқы тур ойындарында үш күннің қорытындысы бойынша Астана мен Павлодар қалаларының баскетболшылары жеңіліссіз келе жатыр. Алматылықтар «Оқжетпеске» 56:102, «Ертіске» 68:116, ал тараздықтар «Жолбарыстарға» 40:88, «Оқжетпеске» 34:77, «Ертіске» 38:85 есебімен ұтылды. Көкшететаулық спортшылар «Алматы» мен «Тараздан» басым түскенімен «Жолбарыстарға» 55:69 есебімен есе жіберді. Бүгінгі ойындар енді «Алматы» мен «Астана», «Оқжетпес» пен «Ертіс» командалары арасында өтетін болады. Чемпионаттың 1-ші туры ертең «Астана» мен «Ертіс», «Алматы» мен «Тараз» баскетболшыларының кездесуімен аяқталады.