Таразда «Бірлігіміз жарасқан» акциясының аясында жаңа балалар алаңы ашылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда ақпараттық әлеуметтік «Бірлігіміз жарасқан» акциясының аясында жаңа балалар алаңы ашылды.
None
None

«Біздің мақсатымыз - балалардың дұрыс демалуы үшін жағдай жасау, оларға қуаныш сыйлау», - деді іс-шараны ұйымдастырушы, «Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Гүлдара Нұрымова.

Жаңа алаңның ашылуына жергілікті тұрғындар, ардагерлер, Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен жүзге тарта адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар