Таразда футболдан әуесқой командалар арасында Қазақстан кубогы үшін жарыс өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 18-і мен 25-і аралығында Таразда футболдан әуесқой командалар арасында Қазақстан кубогы үшін жарыс өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, турнирге Тараздың «СКА-Оңтүстік», Атыраудың «Мұнайшы» және «АНПЗ», Алматының «Африкана Юнайтед» және «Каспий Банк», Аягөздің «Елсана» командалары қатысады. Командалары бір айналыста әрқайсысы бір-бірімен ойнап, турнир жеңімпазын анықтайды. Матчтардың барлығы «Жастар» стадионында өтеді.