Таразда қаланы абаттандыру екі айлығын желтоқсанға дейін ұзартты

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда қаланы абаттандыру екі айлығын желтоқсанға дейін ұзартты, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Таразда қаланы абаттандыру екі айлығын желтоқсанға дейін ұзартты

«Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына орай облыс орталығының аумағында екі айлық аясында 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында қаланы абаттандыру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлаған аймақ басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдынов, ауа-райының қолайлы күндеріне байланысты екі айлық шаралары үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанына дейін ұзартылғаны туралы да айта кетті.

Кезекті сенбілікке Тараз қаласында қаланың 236 кәсіпорны мен ұйымдарының 9 650-ден астам қызметкерлері атсалысты. Оның барысында 35 магистральді көше, 16 километр арық жүйелері, 13 жаппай қоқыс тастау орны күзгі жапырақтар мен қоқыстан тазартылды, қалалық СЭС, полиция мен қалалық сәулет басқармасының қызметкерлерінен құралған арнайы топ 715 аулаішілік рейд ұйымдастырды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 879 ескерту берілді.

74 айыптың 17-сі заңды және лауазымды тұлғаларға салынды, оның жалпы сомасы 536,9 мың теңгені құрады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.