Таразда Қазақстанның дзюдо құрамасының республикалық оқу-жаттығу жиыны өтуде

ТАРАЗ. 12 наурыз. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда алғаш рет Қазақстанның дзюдо құрамасының республикалық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Таразда  Қазақстанның дзюдо  құрамасының  республикалық  оқу-жаттығу  жиыны өтуде

Бұл туралы ҚазАқпаратқа Жамбыл облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Құраманың бас жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы Асхат Жіткеев бастаған еліміздің 44 балуаны мен тоғыз жаттықтырушысы екі аптаға созылатын жиын барысында Азия чемпионатына дайындық жүргізеді.

Қазақстан құрамасының қатарында жамбылдық спортшылар да жаттығуда. Олар - жастар арасындағы Азия чемпионы, әлем чемпионы Елдос Сметов, шығыс жекпе-жегінен Азия ойындарының қола жүлдегері, жастар ойындарының қола жүлдегері Қанат Байымбетов және Қазақстан чемпионатының жүлдегері, спорт шебері Бейбіт Ыстыбаев.