Таразда қолға түспей келген есірткі сатушы ұсталып, есірткі тарататын орын жойылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 6-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында «Қалқан» арнайы шарасы басталған бес күннің ішінде полиция қызметкерлері есірткіге қатысты 15 қылмыстың бетін ашты, оның жартысынан астамы есірткі таратуға байланысты.
None
None
Арнайы шара барысында 50 грамм героин тәркіленді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне аймақтың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.Тараздың шағынаудандарының бірінде тұратын 38 жастағы бұрын істі болған азамат қарсы, (лақап аты «Алекс») есірткі таратқаны және өз пәтерін нашақорлардың ұясына айналдырғаны үшін қылмысты іс қозғалды. ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Жеңіс Бегмановтың айтуынша, сырттан бақылауға алынған пәтерге қарсы арнайы шаралар, тек қана нашақорлар пәтерге енген заматта бастаған. Тінту барысында пәтерден 15 грамм героин мен пайдаланылған егу құралы табылған.Күдіктіге қарсы ҚР ҚК 259 бабы 3 бөлімі бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін және ҚР ҚК 264 бабы 1 бөлімі бойынша ? есірткі пайдалану үшін есірткі тұтынатын орын ұйымдастырғаны және оны ұстап отырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Жаңа заң бойынша мұндай қылмыс жасағандар, есірткі таратқаны және притон ұстағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.Сондай-ақ, бұған дейін қолға түспей келген тағы бір есірткі таратушы, лақап аты «Досья» дейтін азаматша да арнайы шаралар барысында қамауға алынды. Оның қылмыстары толық дәлелденсе, «Досьяның» 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар