Таразда ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік шара өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласында «Баласағұн» мәдениет сарайында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Жамбыл облысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен 400 адам марапатталды.

Іс-шара барысында облыс басшысы Кәрім Көкрекбаев Қазақстан Республикасының Президенті атынан бір топ еңбек ардагерлеріне, облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне, мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік ұйым басшыларына мерекелік медальдар табыстады.

«Елбасымыз Қазақстан халқы бүгінгі Ата Заңымызды жасаушысы, бұл тек жоғары заңды мәртебе ғана емес, рухани адамгершілік қуат та беретіндігін бірнеше рет атап көрсетті. Біз бүгінде еліміздің негізгі заңының ережелеріне сәйкес бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге, еркін еңбек ету мүмкіндігіне иеміз. Қазақстанның барлық жетістіктері сөзсіз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тікелей байланысты», - деп атап өтті аймақ басшысы өз сөзінде.

Шара соңында облыс басшысы К.Көкірекбаев барша қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бейбіт өмір, мол жақсылық, толайым табыстар тіледі.

Соңғы жаңалықтар