Таразда қылмыстық топтың әрекетінен мемлекетке 10 млрд теңге шығын келді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда заңсыз шот-фактуралар жазып берумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таразда қылмыстық топтың әрекетінен мемлекетке 10 млрд теңге шығын келді

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2009-2020 жылдар аралығында Тараз қаласының аумағында жалған шот-фактура жазып беру айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Олар шот-фактураларды тиісті қызмет атқарылмаса да, керек тауар жеткізілмесе де, құжаттарды рәсімдей берген.

Тергеу барысында 10 адамнан, сондай-ақ бақылаудағы заңды тұлғалардың басшысы ретінде тікелей тіркелген қатысушылардан құралған қылмыстық топ контрагенттер-сатып алушыларды іздеуді, екінші деңгейлі банктерде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды және т.б. жүзеге асырған.

«Қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал мөлшері 10 млрд. теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында бақыланатын кәсіпорындардың жалпы сомасы 1 миллиардтан астам теңге қаражаттарына тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жіберілді»,-делінген хабарламада.