21:15, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Таразда қымбаттаған ыстық су таратыла бастады
ТАРАЗ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда жаңа жылыту маусымына дайындық себептерінен 1 тамыз күні тоқтатылған ыстық су беру қайта басталды.

«Тараз энергия орталығы» АҚ хабарлағандай, Тараз қаласының 1 077 көппәтерлі тұрғын үйдің 64-і 78 млн. теңгелік қарызы үшін ыстық су әзірше алмайтын болады.
Коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары Малик Өтегеновтың айтуынша, қазіргі күні тұрғындарға қатысты 28 млн. теңгеге 700-ден астам арыз тапсырылды, 561 іс бойынша 23 млн. теңгеден астам қаржы өндіру туралы шешімдер қабылданды.
Газдың қымбаттауы салдарынан 12 қыркүйектен бастап Таразда жылы және ыстық суға жаңа тарифтер енгізілуде. Енді жылу үшін 69,63 теңге, ыстық су үшін 515,62 теңге төлейтін болады.