Таразда лего-кірпіштер өндірісі ашылады

Жамбылдық кәсіпкердің айтуынша, интернетке идеясын орналастырып, мұндай құрылыс материалының жобасын баяғыда жасаған.
«Мен декоративті тастар дайындаймын. Содан маған декоративті кірпіш дайындау идеясын келді. Ғаламтор арқылы Канзас штатындағы (АҚШ) зауытпен байланысқа түстім. Ұзақ маркетингтік, техникалық зерттеулер жүргізіп, балалардың «Лего» конструкторына ұқсайтын лего-кірпіштің сегіз түрін шығардым. Олар конструктор қағидатымен бір-біріне жақсы бекітіледі», - деп түсіндірді ол.
Автор бұл эксклюзивті құрылыс материалы уақыт пен ақша үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты. «Менің өндірісімнің қоршаған ортаға зияны жоқ. Цемент ерітіндісімен қаланады, кафель желімі арзан әрі салу үрдісін жылдамдатады», - деді ол.
Ерекшелігі, қабырғаны сыламауға болады. Оны әр фактуралы, әр түсті етіп шығаруға болады, бұл құрылысты салған кезде эстетикалық безендіруге мүмкіндік береді.
Шикізат ретінде әктас тау жынысының үгіндісін пайдалануға болады. Толықтай автоматтандырылған қондырғының өнімділігі 8 сағаттық жұмыс ккүнінде 3-4 мың кірпіш өндіруге мүмкіндік береді.
«Қосымша станоктар сатып алып, өндіріс қуатын арттырғымыз келеді. Толыққанды зауыт болу үшін айына 520 млн. кірпіш шығару қажет. Бұл Қазақстанның басқа қалаларына да қызмет көрсетуге жол ашады», - деп атап өтті Уватаев.
«Жас бизнесмендерге алға ұмтылудан қорықпаңдар, іздеген адамға мүмкіндіктер де өте көп дегім келеді», - деді Р. Уватаев.
Еске салсақ, Қазақстанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Зумрад» корпорациясы, сондай-ақ «Design Services by A-Z» компаниясы ұйымдастырған «Бизнес-прорыв» стартап-жобаларының байқауы аяқталды. Байқау нәтижесі бойынша жүлдегерлер ішінде бизнесті жаңадан бастаған жамбылдық кәсіпкерлердің екі жобасы болды.