Таразда нәресте саудасын жолға қойған перзентхана директоры ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Таразда нәресте саудасын жолға қойған перзентхана директоры мен дәрігер-педиатр ұсталды.

Таразда нәресте саудасын жолға қойған перзентхана директоры ұсталды - ҚР ІІМ

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Олар бір нәрестені 6 мың АҚШ долларына бағалаған.

Қ. Жұмановтың атап өткеніндей, о баста заңсыз нәресте саудасының арнасы туралы Жамбыл облысының криминалдық полиция бөліміне жедел ақпарат келіп түскен. Онда аталған облыстағы перзентханалардың бірінде балалар сататыны хабарланған. «Ұзақ уақыт бойы жүргізілген әзірлік жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері жаңа туған балаларды сату арнасының жолын кесті», - деп атап көрсетті Қ. Жұманов.

Медициналық мекеменің директоры мен дәрігер-педиатры перзентхана ғимаратының жанында жаңа туған баланы сату кезінде ұсталған.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.