Таразда өткен спорттық жарыстарға қала мектептерінің жүзден астам жастары қатысты
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда бүгін «Динамо» спорт кешенінде өткен спорттық жарыстарға қала мектептерінің жүзден астам жастары қатысты,
деп хабарлады Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Жамбыл гарнизонының басшысы, полиция генерал-майоры М.Жаманбаевтың бастамасымен жастар арасында спортты нсихаттау үшін ішкі істер департаментінің жанындағы «Динамо» спорт кешенінде облыс оқу орындарына арналған спорттық жарыстар мен Денсаулық күндерін өткізу дәстүрге айналып отыр», - деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі полиция полковнигі Роза Қалдыбекова. - Бүгін өткен жарыстарға «тәрбиесі қиын» және қолайсыз отбасылардан шыққан балалар және т.б. қатысты. Он қатысушыдан тұратын әр команда баскетбол добын меңгеруден, жіппен, қаппен секіруден, жүгіруден, шығыршықпен өнер көрсетуден, арқан тартудан, кешенді эстафеталық жарыстардан күш сынасты».