Таразда өткен жарыстан батысқазақстандық каратэшілер табысты оралды.
ОРАЛ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық каратэшілер Тараз қаласында каратэ-додан өткен халықаралық жарыстан олжалы оралды.
Аталмыш турнирге Астана, Алматы, Көкшетау, Теміртау, Қызылорда, Шымкент қалалары мен Өзбекстаннан 200 спортшы қатысты. Зеленов ауданының түлектері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 курс студенттері А.Стародубец пен Н.Сеннов облыс намысын ойдағыдай қорғады. А.Стародубец командалық кумитэден бірінші, жекелей сыннан екінші орынды иеленсе, Н.Сеннов екеуінен де үздік шықты.