Таразда «Президентпен біргеміз» атты акцияға қатысушы он мыңға жуық азамат референдумға қолдау білдірді

ТАРАЗ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ұйымдастырған «Біз Президентпен біргеміз!» атты акцияға қатысқан он мыңға жуық азамат референдумға қолдау білдірді.

Таразда «Президентпен біргеміз» атты акцияға қатысушы он мыңға жуық азамат референдумға қолдау білдірді

«Жамбыл облысының азаматтары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумның өтуі мен «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясын құру бастамасын толықтай қолдайды», - дейді мыңдаған адамның қатысуымен өткен іс-шараны аша отырып, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Масат Берік.

«Біз Президентпен біргеміз!» іс-шарасына бюджет саласының қызметкерлері, жастар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен оқушылар, сондай-ақ ардагерлер қатысты.