Таразда Рудакидің 1150 жылдығына арналған шара өтті

ТАРАЗ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тәжік-парсы әдебиетінің негізін қалаған ақын Әбуабдулло Рудакиге 1150 жыл толып отыр.
None
None
Жамбыл облысындағы тәжік ұлттық-мәдениет орталығы осынау атаулы күнге арнап іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол шараға ардагерлер, ұлттық-мәдениет орталықтарының өкілдері, мектеп оқушылары, Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жиналған қауым тек Рудакидің ғана емес, Абайдың да өлеңдерін мәнерлеп оқыған жастардың өнерін тамашалады. Тәжік ұлттық-мәдениет орталығының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Пірімқұл-қажы Нарзықұлов сөз сөйлеп, елімізге рухани даму мен ұлтаралық келісім, жастарға ақ жол тіледі.
Соңғы жаңалықтар