Таразда Сергей Есенинді еске алды
РАЗ. 8 қазан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда Сергей Есенинді еске алды.
Орыс қоғамдастығының төрағасы Светлана Чаутинаның айтуынша, маусым айында өткен Пушкин оқулары сияқты, қазан айындағы Есенин оқулары да Тараздағы көптеген әдебиет сүйер қауымның басын қосты.
Халық ақынының 116 жылдығына орай оның ескерткіші жанында ардагерлер мен оқушылар, этнобірлестіктер мен әкімдік өкілдері жиналды.
Есенин шығармалары орыс, сондай-ақ қазақ тілдерінде де оқылды.
Тараз орталығындағы Сергей Есенин ескерткіші 2005 жылы орнатылған еді, мүсін авторлары Айдархан Сихаев пен Сергей Копылов.