Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Таразда шенеуніктер дүкендерді аралады (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы негізігі азық-түлік тауарларына бағаны бақылау штабының басшысы облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбековтің басшылығымен оның өкілдері Таразда сауда орындары, дәріхана, жанар-жағармай станциялары бойынша рейд жүргізді. Бұл туралы өңірдің баспасөз қызметінде хабарлады.

Таразда шенеуніктер дүкендерді аралады  (ФОТО)

Олар облыс орталығындағы азық-түлік тауарларының бағасы қолайлы шағын маркеттерді аралады. Б. Орынбеков Өзбекстаннан келетін кептірілген жемістерге бағаның елеулі көтерілгеніне назар аударды.

«Неге біз жыл сайын Рамазан айы және Ораза-айт қарсаңында баға  көтерілгенін байқаймыз?» - деген сұрақ қойды облыс әкімінің орынбасары.

Дүкен әкімшілігі сауда алаңын жалға берушілер бағаны көтергендігін   айтқанда, штаб төрағасы елдегі жалпы экономикалық жағдай мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын ескеру қажеттігін алға тартты.

 «Мемлекет 33 атаудан тұратын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылап отырады, - деді ол. - Оларға баса мән берілуі қажет. Сонымен бірге жалға алушылардан ақша алып қана қоймай,  дүкеннің барлық тауарларының бағасының құнына мониторинг жүргізу қажет. Баға төмен болса, тауардың да өтімділігі артады».

Облыстық штаб өкілдері әлеуметтік маңызды тауарларды төмен бағада сататын «Тараз» ӘКК тұрақтандыру қорының 10 коммуналдық дүңгіршегінің жұмысына жақсы баға берді.  «Бора» және «Евромебель» сауда орындарының дүкендері де қолайлы бағамен жұмыс жүргізуде.

Рейд барысында АИ-92 маркалы бензин бағасын негізсіз өсірген  «Газпром-нефть» май құю бекетін құзыретті органдар тексеретін болады. Мұнда қала бойынша бензин құны 122-125 теңге болғанда, олар 127 теңгеден сатқан.

Тараз дәріханаларының жұмысына ескертулер болған жоқ.

 «Тұтастай, облыста инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен сәл жоғарылау, - деді рейд қорытындысы бойынша Б. Орынбеков. Оны төмендету үшін кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл ретте әлеуметтік маңызды тауарларға, дәрі, жанар-жағар май т.б. баса назар аударылады. Сөз байласу, бағаны негізсіз көтеру жағдайлары орын алғанда, бірден ден қойып, шаралар қолданылады».

Облстаттың деректеріне сәйкес Жамбыл облысында өткен жылғы наурызбен салыстырғанда, тұтынушылық баға индексі 100,9%-ды құрады.   Азық-түлік тауарларына баға 0,6%-ға, азық-түлік емес тауарларға 0,8%-ға, ақылы қызметтерге баға 1,4%-ға артты.

Сәуірде өткен айға қарағанда,  орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс мөлшері 1,1%-ға артты.

 2016 жылғы сәуірде инфляция   2015 жылғы желтоқсанға қарағанда,   3,9%-ды құрады.

null null null null null null null null