Таразда тауар биржаларының даму проблемасы талқыланды
ТАРАЗ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті мен «Атамекен» Одағы» Астананың Ұлттық экономикалық палатасы Тараз қаласында ұйымдастырған семинар республикадағы тауар биржаларының даму қарқынына арналды.
Семинарды ұйымдастырған астаналық қонақтарды Жамбыл облыстық тауар биржасындағы ахуал қызықтырды. Белгілі болғаны, бұл бағытта жергілікті кәсіпкерлер саудаларға қатысуға зор қызығушылық танытып, осының нәтижесінде мәмілелер ауқымы өсе түскен. Сонымен қатар, көптеген кәсіпкерлер бұрынғы әдіспен - сатып алушыларды өз қоймаларында күтіп отырумен жұмыс істеп жүргені де анықталды. Осы жағдайға әсер ете алатын механизмдер бар ма? Осындай проблемалар республиканың басқа да тауар биржаларында бар ғой.
«Шынтуайтына келгенде, тауар биржалары кәсіпкерлер үшін өте тиімді, - дейді «Галеника» ЖШС басшысы Қатира Аққұлиева. - дегенмен, оның даму үдерісін тежеп отырған жайлар да бар. Мүмкін, бизнес-құрылымдардың тауар биржаларына қатысуы үшін заңнамалық деңгейде қандай да бір түзетулер енгізу керек шығар».
Семинарға қатысушылардың бірқатарының ойынша, осы секілді іс-шаралар кәсіпкерлердің сауатын аша түседі, сондықтан олар аса қажет.