Таразда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына концерттік турне өтуде

ТАРАЗ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория ұжымының екікүндік концерттік турнесі өтуде.

Таразда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына   концерттік  турне  өтуде

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған концертте студенттік симфониялық оркестрі, камералық оркестр, домбырашылар ансамблі, «Бабалар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетуде.

«Баласағұн» концерт залының сахнасында түрлі жанрдағы туындылар - классика концерт мен джаздан бастап қазақтың халық әуендері орындалды. Үшсағаттық концертті консерватория ректоры, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова Шопеннің туындысымен қорытындылады.

Концерттік турне Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған бұл шара Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында өтеді.