10:50, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Таразда үйдің қабырғасы құлап, бір адам мерт болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат – Таразда ескі үйдің қабырғасы опырылып, 26 жастағы ер адам мерт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар минстрлігіне сілтеме жасап. Төтенше жағдай кеше ескі жеке үйді бөлшектеп жатқанда болған. Жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды, қасындағы көмекшісі ауруханаға жатқызылды.