Таразда «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «интеллектуалдық түн» өткізді

«Жастар - Отанға!» партиялық жобасы ауқымындағы диалог алаңында спикерлер өздерінің таныстырылымдарын ұсынды, сарапшылар студенттермен жұмыс жасаған тәжірибелерімен бөлісті.
«Интеллектуалдық түн» қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болғаны қуанышты. Бұл жаңа, өзінің креативті идеяларымен бөлісудің жақсы мүмкіндігі. Қазіргі жастар үшін пікір алысуға және интеллектуалдық деңгейін көтеруге тамаша форма деп ойлаймын», - деді жасотандық Құрбансайын Әлімұлы.
2013 жылы Токиода дизайнерлер Астрид Клеин мен Марк Дитхэм алғаш рет PechaKucha бейресми конференциясын өткізді, оның аясында олар өздерінің пікірлестерімен және әріптестерімен жүздесіп, тәжірибе алмасты,қысқаша баяндама форматында 20 секундтен 20 слайдты тамашалады. Шараның сәтті болғаны соншалық, PechaKucha семинар-тренингілері әртүрлі қалалар мен елдерде өткізіле бастады. Бүгінде Pechakucha Night әлемнің 800-ден астам қаласында өткізілуде, олардың арасында Астана, Алматы және Тараз қалалары да бар.
Еске сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы жастар арасындағы волонтерлік институтын қолдауға бағытталған «Жастар - Отанға!» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында 16 консалтинг-орталық жұмыс істейді, 40 мыңнан астам адамдар аудиториясын қамтыған «КТК» ұлттық лигасы құрылды, «ЕХРО-2017» үшін 1 мыңнан астам волонтерлер даярланды.