Таразда жас жігіт өзгені иығымен қағып кеткені үшін басына оқ жарақатын алды

ТАРАЗ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таразда абайсызда иығымен қағып кеткені үшін жас жігіттің басына оқ атылды.
None
None

Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«1 желтоқсан күні түнде Тараз қаласының № 1 ауруханасына «бас сүйегі мен мидың ашық жарақаты, бас миының бірінші дәрежедегі жарақаты, бет сүйегінің оқ тиген ойық жарақаты, алкогольдік мастық» диагнозымен 23 жастағы жігіт жеткізілді. Жәбірленуші азамат полицейлерге бұл жарақаттарды қаладағы дәмханалардың бірінде болған жанжал кезінде алғанын айтты», - делінген таратылған хабарламада.

 «Мерген» көп ұзамай ұсталды. ««Баккарди» дәмханасында тар дәлізбен өтіп келе жатқан екі жігіт бір-бірін иықтарымен жанап өтеді. Олардың бірі қалтасынан тапанша алып шығып, екіншісінің басына оқ атты. Бейнебақылау таспаларында жазба бар. Күдікті азамат - 19 жаста, ешқайда жұмыс істемейді, бұрын сотталмаған», - деп баяндады Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гаухар Сәрсенбаева.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның кінәсі толығымен дәлелденді. Бұзақылық фактісімен ҚР ҚК-нің 257-бабы, 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, оған сәйкес ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды құқыққорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар