Таразда жаттықтырушы Ермаш Бұзауовты еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өтті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда жаттықтырушы Ермаш Бұзауовты еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің спорт басқармасынан.

Таразда жаттықтырушы  Ермаш  Бұзауовты еске алуға арналған дзюдодан    республикалық турнир  өтті

14 салмақ санаты бойынша өткен жарыстарға Алматы, Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан, Түркістан және Степногор қалаларынан 130-дан астам бозбала мен бойжеткен қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық дерлік медаль жамбылдық спортшыларға бұйырды. Степногорлық спортшылар 1 «алтын», 4 «қола» қанжығаласа, түркістандықтар екі «күміс», 1 «қола» жүлдені қанағат тұтты.

Турнирді ұйымдастырып отырған №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Қазақстан Республикасының құрметті жаттықтырушысы, спорт қайраткері, Тараз қаласының құрметті азаматы Ермаш Бұзауов ұзақ жылдар бойы Жамбыл облыстық спорт басқармасын басқарған.