Таразда Жол картасы ауқымында олимпиада резервтерін даярлау орталығы күрделі жөндеуден өтті
деп хабарлады Жамбыл облысы спорт және туризм басқармасынан.
«Жол картасы бойынша бес спорт нысанына барлығы 65 миллион теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджет қаржысы - 49,8 миллион теңге, жергілікті бюджет қаражаттары - 15.2 миллион теңге, - деп хабарлады облыстық басқарма бастығының орынбасары Оксана Борисюк. - Оның ішінде олимпиада резервтері орталығын күрделі жөндеуге 47,5 миллион теңге қарастырылды».
Орталық директоры Әскербек Аюбековтің айтуынша, бүгінде бөлінген қаржы толық игерілді. «Догду Билд компаниясы» ЖШС мердігерлері әкімшілік-тұрмыстық корпус ғимаратын, кір жуатын орынды, қоймаларды, өтпежолдарды, ішкі және сыртқы желілерді күрделі жөндеуден өткізді. Сыртқы жарықталуы жаңартылды, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жобаны жүзеге асыру кезінде 59 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту органдарының жолдамасымен 49 адам еңбекке орналастырылды».