Таразда жол полициясының қызметкері пара алу үстінде ұсталды
ТАРАЗ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жақында Таразда, орталық базар маңында 10 мың теңге пара алу үстінде жол полициясының инспекторын ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парақор Ішкі істер департаментінің бастығы М.Жаманбаевтың жеке нұсқауы бойынша ұсталды. Кінәлі қазір тергеу абақтысында. Ішкі қауіпсіздік басқармасы өткен жылы 56 полиция қызметкеріне қатысты материалдарды қараған. Олардың нәтижесі бойынша 21 қызметкер ішкі істер органдарынан қуылып, 11 адам қызметтерінен алып тасталған, 26 адамға қызметтеріне сәйкессіздіктері туралы ескерту жасалса, 9 адамның шендері төмендетілген.